Қор стипендиаты Дана Үсенова: Позитивті ойлау қуатты рухтың бастаушысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Дана Үсенова: Позитивті ойлау қуатты рухтың бастаушысы

Қор стипендиаты Дана Үсенова: Позитивті ойлау қуатты рухтың бастаушысы

Дана Үсенова – жан-жақты дамыған тұлға. КИМЭП университетінің үшінші курс студенті бола тұра, бойжеткен елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысты. Оның өзіндік белсенді өмірлік ұстанымы, кең көзқарасы мен мақсаттылығы бар.

  • 24 Ақпан 2021
  • 2411
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты «Кез келген мүмкіндік сіздің болашағыңызға салынған инвестиция», — деп есептейді.

Дана елімізде өткен «БҰҰ Моделі» конференцияларының топтамасына қатысты. Ол ЮНИСЕФ жастар челленджі аясында «Біз өз еліміздің заңдарын жасауға құқылымыз және оны жасай аламыз» жобасының финалисі.

Оқудың бірінші жылынан бастап мен волонтерлік қызметке белсенді түрде қатыстым. Мемлекетіміз тез дамып, өркендеу ұшін қоғам игілігі үшін өз үлесімді қосу маған ұнайды. Менің ойымша, волонтерлік қызметтің арқасында әрбір адамға қажетті көптеген маңызды және пайдалы дағдылар дамиды. 2020 жылы мен «Birgemiz Bilim» жобасына қатыстым, -дейді Дана Үсенова.

Street Law Kazakhstan сертификатталған жаттықтырушы ретінде танылған дарынды жерлесіміз жоғары сынып оқушылары үшін құқықтық сауаттылық бойынша онлайн-сабақтар өткізді және Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл балалары үшін құқықтық мәдениетті арттыру бойынша конкурс әзірледі. Осы жұмысы үшін Дана «Үздік волонтер — 2020» атағын алды.


Жоғарыда айтылғандардан бөлек мен спортпен шұғылданғанды өте жақсы көремін,. 2019 жылы университетте баскетболдан 1-орын, кроссфиттен 3-орын иелендім.Бірнеше рет үстел теннисінен өткен жарыстарға қатыстым. Барлық студенттерге табандылық тілеймін. Әрқашан мақсатыңызға ұмтылыңыз, өзіңізге сеніңіз және сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз. Және ең бастысы, өзіңізді жарқын ойлауға дағдылаңыз. Позитивті ойлау қуатты рухтың бастаушысы
, — деп жетістіктерімен бөлісті стипендиат.

Соңғы жаңалықтар