Жәбірленушілерден сегіз адам әскери ауруханада жатыр.
Орынбековтың айтуынша, 4 адам жансақтау бөлімінде.
Қаза болған 10 адам автобус жолаушысы (барлығы 47 жолаушы мен жүргізуші), біреуі Toyota Camry автокөлігінің жолаушысы.
Естеріңізге сала кетейік, қаза тапқандардың жетеуі — Өзбекстан азаматтары, үшеуі — қазақстандық. Тағы бір жәбірленушінің тұлғасы анықталып жатыр.