Жарияланды: 70

Қорғалжын тасжолында құдалыққа бара жатқан 4 адам ажал құшты

Қорғалжын тасжолында құдалыққа бара жатқан 4 адам ажал құшты

Ақмола облысындағы тасжолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жолаушы қаза тапты.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

 Апат «Астана-Қорғалжын» тасжолының 97 шақырымында Жантеке ауылына жақын маңда болған. 38 жастағы Астана тұрғыны JAC М5 маркалы көлікті тізгіндеп келе жатып, рульді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1965, 1967 және 1955 жылғы үш әйел мен 65 жастағы ер адам қаза тапты. Екі жолаушы Астана қалалық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші зардап шекпеген», - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Ведомствоның ақпараты бойынша, зардап шегушілер құдалыққа бара жатқан. Қаза тапқандардың ішінде Щучинск тұрғыны, Целиноград ауданы Воздвиженка ауылының екі тұрғыны және Астана тұрғыны болған. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (адам өліміне соқтырған көлік құралын пайдалану ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі қызлмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

"Ақшаның буы ма" Тұрсынбектің әйелінің айтқандары елге ұнамай қалды
Ауғанстандағы жарылыстардан Азаттықтың үш тілшісі қаза тапты

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін