Қорғаныс министрі бірқатар әскери шенеуніктерді қызметінен шеттетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрі бірқатар әскери шенеуніктерді қызметінен шеттетті

Қорғаныс министрі бірқатар әскери шенеуніктерді қызметінен шеттетті

Астана. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Даниал Ахметов бірқатар әскери шенеуніктерді қызметінен шеттетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Қараша 2007
  • 580
Фото - Caravan.kz

Министрдің бұйрығына сәйкес, әскери бөлімшенің командирі, полковник Марат Жантеміров, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Ақпараттану және байланыс бас басқармасы бастығының орынбасары, полковник Ержан Қасымханов және Әскери бөлімшенің тыл командирінің орынбасары, подполковник Сергей Григорьев қызметтерінен алынды.

Бұған олардың басшылық ету құжаттарының нормаларын тиісінше орындамауы және қарамағындағылардың іс-қызметін нашар үйлестіруі негіз болып отыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, 6-қазанда Астана уақыты бойынша 20.00 қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігі он бір бөлімше, бірлестіктер мен әскери басқару органдарының әскери дайындығына тексеру жүргізілген болатын. Қорғаныс мекемесі әскери дабыл жариялап, барлық әскери қызметкерлер, соның ішінде офицерлік құрам дабыл жарияланғаннан кейін екі сағат ішінде өздерінің жұмыс орындарында болуға тиіс болған. Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Жанасаевтың ақпараттарына сүйенсек, Әуе қорғанысының бригадасына, зымыран-артиллериялық бригадаға, десанттық-шабуылшылар бригадасына, сонымен қатар «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының құрамына кіретін тұрақты әскери дайындық батальонына тексеру жүргізілген болатын. Сондай-ақ, басқару органдары, атап айтқанда «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының штабы, әуемобильдік әскер басқармасы, әуе қорғанысының күштері, зымыран әскері және артиллерия органдары тексерілген.

«Біз жақын арада қорғаныс министрлігі алқасының жабық мәжілісін өткіземіз. Менің пайымдауымша, бірқатар генералдар айтарлықтай жазаға тартылады. Мен олардың өз кінәларын мойындап, сәйкес қорытынды жасай алатындығына офицерлік намысы жетеді деп үміттенемін. Кейбіреулері өз еркімен отставкаға кетуді сұрауы да мүмкін»,- деп мәлім еткен болатын министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті