Қорғаныс министрі Талдықорған гарнизонының жауынгерлік әзірлігін тексерді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрі Талдықорған гарнизонының жауынгерлік әзірлігін тексерді

Қорғаныс министрі Талдықорған гарнизонының жауынгерлік әзірлігін тексерді

Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Талдықорған гарнизонында жұмыс сапарымен барып қайтты.

  • 13 Ақпан 2017
  • 434
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында министр биылғы оқу жылының ахуалы мен жауынгерлік даярлық жоспарын орындау жөніндегі ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының баяндамаларын тыңдады.  

Бұдан өзге, Талдықорған гарнизонының кейбір бөлімшелері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. ҚР Қорғаныс министрі олардың техникалық жабдықталуы мен қамтамасыз етілуін тексерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше назар аударды.

Осы сапар аясында Сәкен Жасұзақов Әуе қорғанысы күштері мен 21751 әскери бөлімнің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, онда авиациялық базаның жауынгерлік әзірлігі мен ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірнеше нақты тапсырмалар берді.         


 

Соңғы жаңалықтар