Жарияланды: 20

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі Ақпараттандыру департаменті бастығының м.а. бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Астана қаласы тергеу соты санкциясымен қамауға алынған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін