Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға қамалды

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға қамалды

Қорғаныс министрлігінің пара алды деген күдікке ілінген генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға үйқамаққа алынды.

  • 6 Ақпан 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі айтылған жайтты растап отыр.

«Жемқорлыққа қарсы келісім аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жүргізген шаралардың арқасында ҚР Қорғаныс министрлігінің кадрлар департаментінің бұрынғы бастығы – генерал-майор Көпбаев ұсталып, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта генерал-майор Көпбаевқа қатысты 2 ай мерзімге үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», — деп мәлімдеді ҚР Қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

Сөзінше, БАҚ-та генерал-майор Көпбаевтың кадрлар және әскери білім департаментін басқаратыны жайлы ақпарат тарап кеткен.


«Бұл мәлімет дұрыс емес. Лауазымды қызмет пен әскери атағына қарай оның лауазымы – ҚМ кадрлар департаментінде болған. Оның әскери білім департаментіне қатысы жоқ», — деді Бекен Шынтілеуов.

Соңғы жаңалықтар