Қорғаныс министрлігінің саперлері бұрынғы "Қақпақ" әскери полигонының аумағынан табылған авиациялық бомбаларды жойды - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігінің саперлері бұрынғы "Қақпақ" әскери полигонының аумағынан табылған авиациялық бомбаларды жойды  - ТЖМ

Қорғаныс министрлігінің саперлері бұрынғы "Қақпақ" әскери полигонының аумағынан табылған авиациялық бомбаларды жойды - ТЖМ

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаныс министрлігінің саперлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұрынғы "Қақпақ" әскери полигонының аумағынан табылған авиациялық бомбаларды жойды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

  • 18 Қыркүйек 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz

«П-50 маркалы авиациялық сегіз авиациялық бомба мен П-50 Т маркалы бір авиациялық бомбаны ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері жару жолымен жойды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте полигон аумағында жарылыс болу салдарынан 14 жасар бозбала жараланған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жарылмаған 9 снаряд тапты. Оқиға орны қоршауға алынды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия оқиға орнын тексерді, «жарылғыш қаупі бар заттардың қалдығы табылған жоқ».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті