Қорғаныс вице-министрі қазақша сұраққа орысша жауап бергеніне өкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс вице-министрі  қазақша сұраққа орысша жауап бергеніне өкінді

Қорғаныс вице-министрі қазақша сұраққа орысша жауап бергеніне өкінді

Қорғаныс вице -министрі қазақша қойылған сұраққа орыс тілінде жауап бергеніне өкініш білдірді. Бүгін Мәжіліске «Бітімгершілік туралы» заң жобасын түсіндіруге келген генералға депутат Киянский мемлекеттік тілде сұрақ қойған. Алайда, тілді меңгеріп жүрген халық қалаулысы, сауалына орысша жауап алып аң-таң болды.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 526
Фото - Caravan.kz

Виктор Киянский, Мәжіліс депутаты:

-Бітімгершілік операцияға қатысуға арналған шығындарды  халықаралық ұйымдармен әріптес мемлекеттердің өтеуі туралы мәселесі  айтылады. Сұрақ. Нақты айтқанда қандай шығыстар және қандай жағдайда өтеледі?

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

-Спасибо, за вопрос! Каждая операция по поднятию мира, имеет собственный бюджет.

Киянскийдің қазақша сұрағына генерал-майор осылайша орысша сайрап кетті. Кейін вице-министр бұл қылығына қатты өкінетінін айтып ақталып бақты. Генерал бұған өзінің тіл білмейтіндігі емес, аңғалдығы себеп болғанын айтады.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

-Қазақша жауап беруге мүмкіндік болды. Аудармасын тыңдап отырып, орысша ойланып, орысша айтып жіберіппін. Кейін өкініп қалдым.