«Қорғас ісі» бойынша сотталғандар жазаларын қысқартуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қорғас ісі» бойынша сотталғандар жазаларын қысқартуды сұрады

«Қорғас ісі» бойынша сотталғандар жазаларын қысқартуды сұрады

Алматыда аты шулы «Қорғас ісі» бойынша апелляциялық шағымдарды қарау басталды. Деседе, сот залында Қазақ-Қытай шекарасындағы кедендік бекетті майшелпекке айналдырып, қазынаның миллиардтаған қаржысын қалтасына басты деп сотталғандардың ешбірі болған жоқ.

  • 9 Шiлде 2014
  • 153
Фото - Caravan.kz


Арыз сот үкімімен келіспеген барлық сотталушыдан түскен. Енді олардың жазасын жеңілдету үшін адвокаттары тырысып бағуда. Ол үшін арыз талаптарын да дайындай келген қорғаушылар, соттан қылмысқа қатысты жаңа құжаттарды іске тіркеп, бірнеше куәгерден жауап алуды сұрады. Қазақ-Қытай шекарасында контрабандалық жолмен табыс тапқан 45 адамға сот үкімі 12-ші сәуірде шыққан. Қылмыстық топты ұйымдастырушы бұрынғы лауазымды тұлғалардың дені 13 пен 16 жыл аралығында, ал қалғандары 5 жылдан 10 жылға дейін темір торға тоғытылған болатын.