Қорықшыны өлтіргендердің туыстары үкімге наразы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорықшыны өлтіргендердің туыстары үкімге наразы

Қорықшыны өлтіргендердің туыстары үкімге наразы

Сот үкімін жеңілдетуін сұраймыз!

  • 25 Ақпан 2020
  • 53
Фото - Caravan.kz

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне кінәлі деп танылған жеті қызылордалықтың жерлестері сот үкімімен келіспейді! Марқұмға ас берген Абай ауылының тұрғындары, қылмыскерлердің атынан елден кешірім сұрады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Балғабек баласы Ерланның рухына! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Осы оқылған құранның сауаптары нұр болып тие берсін!".

Абай аулының тұрғындары браконьерлер қолынан қаза тапқан, марқұм Ерлан Нұрғалиевке арнап құран бағыштап, ас берді. Ол үшін осы қылмысты жасағандардың бірі, өмір бойына бас бостандығынан айырылған жерлестері Нұрлан Шүкілдіковтің үйіне жиналды. "Заң алдында бәрі бірдей. Әркім жасаған қылмысын мойнымен көтеруі керек" деген ақсақалдар, кісі өлтірген
ауылдастары үшін елден кешірім сұрады.

 Қыдырбай Байтенов, Абай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

"Елдің алдынан, ақсақалдардың атынан, бүкіл Қызылорда елінің атынан, оның ішінде Абай ауылының халқының атынан былтырғы 13-ші ақпанда болған аң аулау кезінде болған Ерлан Нұрғалиевтың қазасына байланысы айтып қосарым жоқ. Тек қана Ерлан Нұрғалиевтың отының басынан, ағыйындарынан ел болып кешірім сұрауға шығып отрымыз".

Қанды оқиға былтыр ақпан айында болды. Браконьерлер жаралаған «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев бір күн жатып, көз жұмды. Жылға жуық қаралған іске өткен аптада нүкте қойылды. Судья, сотталушылар Берік Ахметов пен Қайрат Ақшановты және Нұрлан Шүкілдіковті кінәлі деп танып, үшеуін де өмір бойына бас бостандығынан айырды. Қалған 4 адам «заңсыз аңшылық» үшін 6 жылдан арқалады.

 Қайрат Қасымов, Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарлық сотының судьясы:

«Базаров, Қайырбеков, Мырзабаев, Ахметов, Ақшанов, Шүкілдіковтен заңсыз аңшылық үшін мемлекет пайдасына 89 миллион 763 мың 750 теңге өндірілсін».



Ал, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Нұрлан Шүкілдіковтің анасы болса жоғары биліктен жазаны қайта қарауды өтініп отыр.  

 Әйгерім Қалыбаева, өмір бойына сотталған Нұрлан Шүкілдіковтың анасы:

"Марқұм Ерланның отының басынан, бала-шағасынан, әсіресе қарт анасынан, әкесінен кешірім сұраймын балам үшін. Алла жеңілдік берсе екен. Қазақ халқынан кешірім сұраймын, қателіктер болса. Жаза өте ауыр жаза болып тұр. Жазаға келісе алмаймын. Өте ауыр!. Әділдік болады ма деп Алладан үміттеніп тұрмын".

Осылайша ауыр жазаға кесілгендердің аналары ел алдынан кешірім сұрап, берілген жазаны жеңілдетуін сұрап отыр. Олар қасақана кісі өлтіру бабын, абайсызда кісі өлтіру бабына ауыстыру керек деген пайымда. Сот үкімі алдағы наурыз айында күшіне енбек. Ал, сотталғандардың ағайын-туыстары сотқа апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр.  

Соңғы жаңалықтар