Қостанай облысында 74 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 74 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркелген

Қостанай облысында 74 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркелген

Қостанай. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының аумақтық ішкі істер бөлімінде 74 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркелген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Қазан 2007
  • 542
Фото - Caravan.kz

«Қостанай облысының аумағындағы көші-қон жағдайы уақытша келген шетелдік азаматтар санының өсуімен сипатталады»,- деп хабарлады Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жеңіс Омаров.

Баспасөз қызметінің ақпарттарына сүйенсек, шетелдіктердің басым бөлігін Ресей мен Өзбекстан азаматтары құрайды. Қазақстан Республикасының аумағына келу ережесін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылып, 419 адам ел аумағынан шығарылған. Көші-қон заңы көбінесе Өзбекстан азаматтары тарапынан бұзылады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күштерін тартудың заңдылығы мәселесіне қатысты заңды және жеке тұлғаларды тексеру барысында 56 заң бұзушылықты анықтаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті