Бірінші жартыжылдықта шетелдік сатып алушыларға 1 млн. тоннадан астам астық жеткізілді, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға көп, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов.
Ол сондай-ақ макарон өнімдеріне де сұраныс артып отырғанын атап көрсетті, өңірден тыс жерлерге 4 мың тоннадан астам осы өнім түрі жіберілген.
«Астық жеткізілімдерінің шамамен бестен бір бөлігі немесе 278 мың тоннасы елдің басқа облыстарына жөнелтілді, — деді Б.Жақыпов. — Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда 8 мың тоннаға өсті. Шығарылған макарон өнімдерінің жалпы көлемі 12,5 мың тоннаны құрайды. Яғни, экспортқа осы өнімнің 35 пайызы жіберілді».
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде барлығы 50 млрд. теңгеден астам соманың өнімдері өндірілді.