Қостанай облысында биылдан бастап оқушыларға жаңа пән оқытылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында биылдан бастап оқушыларға жаңа пән оқытылмақ

Қостанай облысында биылдан бастап оқушыларға жаңа пән оқытылмақ

Қостанай облысының аумағындағы барлық білім ордасының оқушылары үшін жаңа пән енгізілмек. Ол «Өлкетану» деп аталды. Мектеп б

  • 31 Шiлде 2017
  • 236
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысының аумағындағы барлық білім ордасының оқушылары үшін жаңа пән енгізілмек. Ол «Өлкетану» деп аталды. Мектеп бағдарламасының 5 сыныптарынан бастап енгізілгелі отырған жаңа пәнді оқушылар қосымша білім, яғни факультатив сабақ ретінде игермек. Бұл жөнінде облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Қостанайдағы тілшісі.

«Бұл пән былтырғы оқу жылында Қостанай қаласындағы № 1 мектеп гигиенасында сынақ ретінде оқытылды. Оқыту үрдісі барысында оқушылардың үлкен қызығушылығына ие болды. Сондықтан биылдан бастап бұл пәнді барлық мектепте оқыту туралы шешім қабылдадық», – дейді Бәтима Даумова.

«Өлектану» пәні арқылы оқушылар Қостанай облысының тарихымен, өңірдің өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар мен зиялы қауым өкілдерімен жан-жақты танысады.


«Осы пәнді оқыту кезінде жоғарыда айтылған тұлғалардың өміріне ғана тоқталмай, мектептердің танымал шәкірттерімен жүздесулерді жиі өткізу керек. Оның сыртында мектеп пен түлектердің арасындағы жақсы қарым-қатынасты да баяндап отыру керек. Мысалы, ҚР Праламенті Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов өзі білім алған № 115 орта мектеппен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Мектепте үздік оқитын шәкірттерге өзінің стипендиясын тағайындап отыр», – дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар