Қостанай облысында "Браконьер" операциясы кезінде 94 адам әкімшілік жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында "Браконьер" операциясы кезінде 94 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Қостанай облысында "Браконьер" операциясы кезінде 94 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Қостанай. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында "Браконьер" операциясын жүргізу кезінде әкімшілік жауапқа 94 адам тартылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 28 Мамыр 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Балық аулау ережесін бұзған 73 адам, аң аулау ережелерінің талаптарын орындамаған 16 адам және ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен бес адам әкімшілік жауапқа тартылды», — деп хабарлады табиғатты қорғау бөлімінің бастығы және мал дәрігерлік полициясының подполковнигі Боранбай Айтқожин.

Оның сөздері бойынша, құқық бұзушылардан 3,97 текше метр орман, 4800 метр ау, 124 бірлік қару тәркіленді .

«Браконьер» арнайы операциясы облыста заңсыз аң аулауды, ағаштарды кесу, су жәндіктерін аулау, биологиялық ресурстар объектісінің тасымалын анықтау мақсатында 19 — 26 мамыр аралығында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті