«Парақорлардың тізімінде көбінесе денсаулық сақтау, білім беру және әділет органдарында жұмыс істейтін адамдардың аттары аталады»,- деді С. Кулагин.
Оның айтуынша, Қостанай облысында соңғы 9 ай ішінде 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер лауазымдық қылмысы үшін жазаланған. «Пара алатындар, жұмыс істемейтін адамдардың атынан жалақы алатындардың саны азаймай отыр»,- деп хабарлады облыс әкімі.
Облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері есеп жасай отырып, «осындай қызметкерлер мемлекетке 14 млн теңгеден астам шығын әкелгендігін, кейбір мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын» атап өтті.
Бірақ, облыс әкімінің айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін небәрі 4 адам жұмыстарынан босатылған, ал қалғандары айыппұл төлеп, сөгіс алып қана құтылуда. Ол қала және аудан әкімдерінің назарын «жазаланып жатқандығына өте аз» екендігіне аудара отырып, қорытынды сөзінде: «Егер екіден артық ескерту жасалынып, оған ешқандай шара қолданылмаса, оған сіздер жауап беретін боласыздар», деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті