«1 мамырға дейін Қостанай облысын электр қуатымен қамтамасыз ететін барлық компаниялардың тарифтерді көтеру жөнінде тапсырған арыздары қарастырылады. Ондағы тарифтер бүгінгі электр қуаты бағасынан 20 пайызға артық «, — деді Н. Пичкарев.
Ол атап өткеніндей, «олардың бәрінің бір ғана себебі көрсетілген- «Екібастұз»АЕS электр қуатының 1 киловат сағатын 2 теңге 18 тыйыннан 3 теңге 25 тыйынға дейін көтерілгендігі».
«Электр қуатын сатып алу құнының өсуі 49% болып белгіленсе, тұтынушылар үшін жіберілетін тариф 23,5% көтеріледі. Яғни, қазір тұтынушылар 6,07 теңгені төлеп отырса, ал біздің жасаған есеп -қисабымыз бойынша арызда 8,723 теңгені көрсеттік», — деді «Қостанай Энергоорталық» ЖШС қаржы және экономика жөніндегі директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті