Қостанай облысында халық тегін балыққа таласты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында халық тегін  балыққа таласты

Қостанай облысында халық тегін балыққа таласты

Қостанай облысында ауыл тұрғындары дәл үй іргесінен балық аулап жатыр. Толассыз жауыннан Меңдіқара ауданындағы тоғанның суы арнасынан асып, ондағы балық атаулы тасқынмен бірге тарыдай шашылған

  • 20 Мамыр 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Мына фотолар Меңдіқара ауданындағы Долбушка ауылындағы қазіргі жағдайды көрсетеді. Көк шалғынның үстінде жер бауырлаған балықтарды жергілікті жұрт бала-шағасымен бірге қап-қап қылып жинап алып жатыр. Тұрғындар мұндай нөсердің соңғы рет қашан болғанын да білмейді. Он күннен бері мұнда жаңбырдың 3 айлық мөлшері жауыпты. Өкінішке қарай, бұл ауылдықтарды балыққа қарқ қылғанымен, егін егу жұмыстарына үлкен кедергі келтіруде. Ал, мамандардың болжамынша, жауынды ауа-райы аптаның соңына дейін жалғасайын деп тұр.