Қостанай облысында өртенген үйде қалып қойған 2 жасар бала ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында өртенген үйде қалып қойған 2 жасар бала ажал құшты

Қостанай облысында өртенген үйде қалып қойған 2 жасар бала ажал құшты

Қостанай ауданы Борис Романовка кентінде жеке үй өртке оранып 2 жасар бала ажал құшты. Облыс ТЖД ақпаратына сүйенсек, бала үйде жалғыз болған. 

  • 29 Ақпан 2016
  • 442
Фото - Caravan.kz

Өрт шықпас бұрын аз уақытта үйде пеш жағылған, әкесі сарайда шаруа істеп жатқан. Анасы дүкенге шығып кеткен.

Әкесі күйіктің иісі мен күшті жалынды байқап қалады. Ол шыңғырған дауысы шыққан баланы құтқармақ болады. Алайда түк көрінбейтін түтін мен лаулаған өрттен өту мүмкін болмады. Түтінге тұншыққан отағасы сыртқа әрең шығып, есінен тана құлаған.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Алайда біраз уақыттан соң жантүршігерлік видеоға қолжетімділік шектелді.