Жұттың ошағы Амангелді ауданында төтенше жағдай жарияланып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары арнайы штаб құрды. Алғашқы болжам да бар. Киіктер бұл жолы да пастереллез ауруынан қырылуы мүмкін. Себебі, жылдың осы маусымында жануарлардың ағзасы инфекцияға қарсы тұра алмай қалады екен. Осы ауру кесірінен Батыс Қазақстан облысында да 12 мыңдай бас киік қырылған болатын.