Жарияланды: 40

Қостанай облысында тасжолда 8 көлік соқтығысып қалды

Қостанай облысында тасжолда 8 көлік соқтығысып қалды

 

Қостанай облысында тасжолда 8 көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Alau.kz куәгерге сілтеме жасап.

Куәгердің айтуынша, жол апаты Глазуновка мен Семеновка ауылдарының аумағында болған. "Қостанай-Әулиекөл тасжолының 42-шақырымында алты көлік құралы, оның ішінде КамАЗ бен Фура жол апатына ұшырады. Барлық көлік түрі бір бағытта келе жатқан", - деп хабарлады облыстық полиция департаментіндегілер. "Нива" көлігінің екі жолаушысы зардап шекті. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін