Қостанай облысында түрмеден қашқан қылмыскер төрт күннен соң ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында түрмеден қашқан қылмыскер төрт күннен соң ұсталды

Қостанай облысында түрмеден қашқан қылмыскер төрт күннен соң ұсталды

Жаза мерзімін өтуден қашқаны үшін ер адам тағы екі жылға сотталуы мүмкін.

  • 11 Маусым 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер қашып кеткен, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

25 жастағы сотталған азамат 6 маусымда еркін жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып, жұмыс орнынан кетіп қалған.

"Алау" басылымына облыстық қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздеу шаралары барысында қылмыскер 10 маусымда кешкі сағат 8 кезінде ұсталыпты.

Сотталған ер адамды жазасын әрі қарай өтеу үшін УК-161/11 колониясына жеткізді.


Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды, соған сәйкес жазасына тағы екі жыл қосылуы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар