Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов қырылған далалық бөкендерді жедел түрде көму шаралары қабылданғанын мәлімдеді. Соңғы күндері 5400 бөкен көмілген, деп нақтылады өңір басшысы.
Н. Сәдуақасовтың пікірінше, таяу уақытта ақбөкен өлім-жітімі тоқтайды деген үміт бар. Әкім өзінің орынбасары Базыл Жақыповтың басшылығымен арнайы комиссия құру туралы өкім шығарды. ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің мамандары келді. Шұғыл санитарлық-эпидемологиялық шаралар қабылдануда, деп хабарлады өңір басшысы.
Жануарлар өлген жерде 30 бірлік техника мен 150 адам жұмыс істеуде.