Қостанай облысындағы өрт: ер адам қаза тауып, 96 жастағы әже уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы өрт: ер адам қаза тауып, 96 жастағы әже уланып қалды

Қостанай облысындағы өрт: ер адам қаза тауып, 96 жастағы әже уланып қалды

Отқа оранған үйден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

  • 12 Наурыз 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысында тұрғын үйден шыққан өрттен 51 жастағы ер азамат қаза тауып, 96 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешке Лисаковск қаласында болды.

Өрт бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан. Тілсіз жау пәтердің балконын шарпып, күшейе түседі, салдарынан бесінші қабаттағы пәтерлер өртене бастаған.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер арнайы көліктегі баспалдықтың көмегімен 5 адамды құтқарып, 20 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның төртеуі — балалар. Өрт сағат 22:15-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1968 жастағы ер адамның денесі табылған. Ал үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде иіс тиіп уланған 1923 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді", — делінген хабарламада.

Болжам бойынша, өрт темекіден шыққан болуы мүмкін. Өртті сөндіруге Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен үш арнайы техника жұмылдырылған.


 

Соңғы жаңалықтар