Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының бөлім бастығы Сәлімжан Есенаманов хабарлады.
«Мамыр-маусым айларында жауған жауын-шашын егістікке жеткіліксіз болды. Мамырда жауған жауын-шашын мөлшері 20 мм, маусымда 18 мм ғана. Көп жылдан бері жауатын орташа жылдық жауын-шашын мөлшері мамырда 33, маусымда 32 мм болатын. Бұл әрине, аз. Диқандар осыған байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр», — деп атап өтті ол.
«Алдағы уақытта жауатын жауын-шашын жағдайды түзеуге көмектеседі деп сенеміз», — деп қосты С.Есенаманов.
Басқарма мәліметтерне қарағанда, бүгінгі таңда бидай алқаптарының 50 пайызы жақсы, 48 пайызы қанағаттандырарлық, 3 пайызы нашар деңгейде.