Қостанай облысының сыртқы сауда айналымы өткен жылғы деңгейден 148 млн. долларға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының сыртқы сауда айналымы өткен жылғы деңгейден 148 млн. долларға өсті

Қостанай облысының сыртқы сауда айналымы өткен жылғы деңгейден 148 млн. долларға өсті

Қостанай облысының сыртқы сауда айналымы 2003-жылдың 8 айында 513,46 млн. долларды құрады. Облыстық кедендік басқарманың мәліметтеріне сәйкес, бұл - өткен жылғы деңгейден 148 млн. долларға артық.

  • 1 Қазан 2003
  • 414
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысынан алыс және жақын шетелдерге 282,1 млн. доллардың 9,5 млн. тонна жүгі шығарылды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда экспорт көлемі 1,7 млн. тоннаға артты. Экспорт құрамында шикізаттық топтағы тауарлардың үлес салмағы азайғанымен, бүгінге дейін ол жалпы көлемнің тең жартысынан астамын иемденіп отыр дейді басқарма мамандары.

Ресей мен жақын шеделдерден Қостанай облысына 231 млн. доллардың 667 мың тонна жүгі әкелінді. Импорт көлемі 20 процентке артты. Импорт құрылымында өзгерістер болды. Ет, сүт, тәттілік бұйымдар, мал және өсімдік майы тәрізді азық-түлік тобындағы өнімдер мөлшері азая түсті. Импорт ауқымының жартысынан астам бөлігін машина жасау, қара және түсті металл, олардан жасалған өнімдер мен жанар-жағармай иемденіп отыр.
Облыстық кедендік басқарманың мәліметіне сәйкес, 2003-жылдың 8 айында 14589 дана мемлекеттік кедендік декларация рәсімделді. Бұл декларациялар бойынша 5 млрд. теңгенің кедендік төлемдері мен салық төленді. Ал өткен жылғы осы мерзімде кеден қызметкерлері 3,4 млрд. теңгенің осындай төлемдерін өндіріп алған. Кедендік төлемдер мен салық түсімдерінің болжамдық көрсеткіштері 102 процентке орындалды.

Соңғы жаңалықтар