Жарияланды: 690

Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін аппараттық мәжілісте Қостанай қаласының әкімі Базыл Шамұханұлы Жақыпов

тұрғын үй-комуналдық шаруашылық мәселелерін қарастыратын әкімнің орынбасары лауазымына тағайындалған Теменов Ерлан Олжабайұлын таныстырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Е.О.Теменов 1971 жылы туған, білімі жоғары, Алматы зооветеринариялық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша және Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады. 

1993 жылы мемлекеттік қызметке орналасты және 2010 жылға дейін Қостанай облысының Арқалық, Ұзынкөл, Қарабалық аудандарында, Арқалық қаласындағы, Ақмола облысының Ерейментау ауданының салық органдарында түрлі қызметтер атқарды. Бүгінгі күнге Арқалық қаласы әкімінің экономика мәселелері бойынша орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін