Қостанай тұрғындары шатырсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай тұрғындары шатырсыз қалды

Қостанай тұрғындары шатырсыз қалды

Қостанайда әбден тозығы жеткен үйдің тұрғындары бір мезетте шатырсыз қалды. Жергілікті биліктен мемлекеттік бағдарлама бойынша қаражат аламыз деп үміттенген олар төбеде жөндеу жұмыстарын бастап жіберген. Бірақ шатырды ашқанымен, уәде етілген ақша сол күй жоқ. Тығырыққа тірелген тұрғындар енді өз қаражаттарына жөндеу жүргізуге мәжбүр.

  • 5 Шiлде 2014
  • 302
Фото - Caravan.kz

Қаланың қақ ортасында орналасқан мына үш қабатты үй 50-ші жылдары салынған екен. Ескі баспананың қабырғасы қақырап, төбесінен су тамшылап, жертөледе аяқ алып жүру мүмкін болмай қалған. Мемлекеттен ақша бөлінеді дегенге сенген тұрғындар өз беттерімен жөндеуге кіріскен екен. Бірақ шенділер қаржыны келесі жылға қалдырғанын айтады. Ал, тұрғындардың ақшаның бөлінгенін күтпестен тез арада шатырды бұзуына мердігер компания себепші болған дейді. Ашынған тұрғындар енді шенеуніктердің үстінен сотқа арызданбақшы.


Елена Холод, Қостанай қаласының тұрғыны:

–Ақшаны не себепті тоқтатып қойғаны түсініксіз. Тіпті күмән туғызады. Не болса да соңына дейін барамыз. Мынандай үйде тұру өте қауіпті.