Рұқсат берілген митинг Қостанай орталығындағы Целинник алаңында өткізілді. Оған 300 ге жуық зейнеткер қатысты. Олардың басты талаптары ,» бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы мен мардымсыз зейнетақыны екі есеге көтеру».
Зейнеткерлер есептегеніндей, «мардымсыз зейнетақы Қазақстан зейнеткеріне өлместің күнін көруге әрең жетеді. Яғни, ол зейнетақыға 70 грамм нан, 5 тал макарон, 1 шәй қасық майонез немесе қаймақ, күніне 1,5 грамм шай келеді». Зейнетақы «тақыр кедейлікке сүйрейтін ақша «, деп үкіметке бұл мәселені 1шілдеге дейін шешуге шақырды.
«Біз бюджет қызметкерлеріне және зейнеткерлерге зейнетақы көлемін 1 шілдеге дейін ұлғайтып, сондай-ақ үкіметтің отставкіге кетуін және парламенттің таратылуын талап етеміз «,- деп мәлімдеді митингте Қазақстанның Коммунистік партиясының костанайлық бөлімшесінің төрағасы Людмила Горбенко.
Компартия өкілдерінің айтуынша, қалалық әкімдігі митинг кезінде зейнеткерлердің қатысуымен бірнеше шараны ұйымдастырып, «сол арқылы алаңға келгендердің санын азайтты».
«Басқа шаралар алдын ала бір ай бұрын жоспарланған, сондықтан бұл кездейсоқ сәйкестік «, — деп мәлімдеді Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бастығы Анар Сейдалинова.
Зейнеткерлер мен Қазақстанның Коммунистік партиясының өкілдері мемлекеттен жауапты маусым айының аяғына дейін күтеді, бірақ олардың талаптары орындалмаған жағдайда не істейтіндерін әзірге білмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті