Қызды соңғы рет кітапханаға кітап өткізіп жатқан жерінде көрген. Үстінде джинсы, қайырмалы бас киімі бар қара күрте, қызғылт футболка, ал аяғында жасыл кроссовка болыпты. Алғашқы бірнеше күн ішінде Гүлмираның жақындары ол үйге оралады деп сенген. Себебі қыз бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалыпты. Іздестіру жұмыстарына полиция жұмылдырылғанына қарамастан, әлі еш хабар жоқ. 15 жасар қыздың суреттері қала ішінде ілініп, жеткіншектің анасы көшелердегі адамдардан қандай да бір ақпаратты білуге тырысуда.
Алмагүл Салықова, жоғалған қыздың анасы:
-Ешқандай ақпарат жоқ. Ол туралы ештеңе біле алмадым. Қайда болуы мүмкін екенін де анықтай алмай жатырмыз. Еріктілер көмектесіп, куәгерлер хабарласуда. Бірақ таба алмадық.