Қостанайда 18 ата-ана балаларын тәрбиелеуден бас тартқан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда 18 ата-ана балаларын тәрбиелеуден бас тартқан

Қостанайда 18 ата-ана балаларын тәрбиелеуден бас тартқан

Қостанай облыстық ювеналды полиция қызметкерлері «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасын өткізді.

  • 3 Қыркүйек 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы басталған осы апта ішінде 236 жасөспірім ІІД қызметкерлерінің назарына ілікті. Оның ішінде 192 жас әкімшілік заңбұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта көшеде жүрген басқа балалар да тексерілді.

«Балаларын тәрбиелеуден бас тартқан 18 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жалпы, рейд барысында кәмелет жасына толмаған 173 бала түн уақытында ата-анасының бақылауынсыз қыдырып жүрген. Бұған қоса, жасөспірімдерге алкоголь өнімдері мен темекі сатқан 11 ересек адамға айыппұл салынды», — деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған 27 бала тіркеуге алынды. Тексеру барысында ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге облыстық білім басқармасының мамандары да болды.


 

Соңғы жаңалықтар