Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды

Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды

Тұрмыстық жанжал кезінде ағасы немере қарындасын аяусыз өлтірген.

  • 27 Сәуiр 2018
  • 204
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысы Славенка ауылындағы жантүршігерлік қылмыс бойынша іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды sputniknews.kz "Алау" жергілікті басылымы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыс 2017 жылдың 24 желтоқсанында болған. Бір отбасы мүшелері бірігіп ішімдік ішіп отырып, артынша жанжал туындаған екен.

Сот мәліметі бойынша, 29 жастағы айыпталушы, оның әкесі мен келген қонақ үйде ішімдік ішіп отырады. Кейін оларға сол үйде уақытша тұрып жатқан сотталушының немере қарындасы қосылған.

"Сотталушы мен қарындасы ұрысысып қалып, ер адам әйелдің кеудесіне алты рет пышақ салған. Әрі қарай бауыздап, басын кесіп алған", — делінген сот хабарламасында.

Іс бойынша бастапқы тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.


Ұқсас тақырыптар:

Астанада ер адам әйелін 25 рет пышақтап, өзі балконнан секіріп өлді

Алматыда үш әйелді айуандықпен өлтірген жігіт өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін

Қостанайда 17 жасар қыз туған әкесін өлтірген

 

 

Соңғы жаңалықтар