Спорттық көңіл көтеру кешенінің шатыры өртенген. Сол сәтте шатырды жөндеп жатқан құрылысшылар мен аквапарк қызметкерлері өртті өз беттерімен сөндіруге тырысқанымен, жалын одан бетер тарала бастаған.
Жалынды ауыздықтауға 6 машина мен автосаты пайдаланылды. 26 адам жұмысқа тартылды. Тілсіз жау 17 сағат 32 минутта сөндірілді. «Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрап отыр, шығын көлемі анықталу үстінде», — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ғимараттан 61 адам, соның ішінде 15 бала» сыртқа шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті