Қостанайда асфальт төсеп жатқан техникаға жеңіл көлік соғылып екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда асфальт төсеп жатқан техникаға жеңіл көлік соғылып екі адам қаза тапты

Қостанайда асфальт төсеп жатқан техникаға жеңіл көлік соғылып екі адам қаза тапты

Қостанайда соңғы бірер күн ішінде екі қайғылы жол апаты тіркелді. «Волга» асфальт жаятын техникамен соқтығысып, соның салдарынан салдарына жеңіл көліктің жүргізушісі мен жанындағы бір адам қаза тапты. Ал қалған 5 адам ауыр жарақат алған.

  • 20 Тамыз 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz


Облыстық ішкі істер департаментіндегілердің айтуынша, апат болған Наурыз ауданында жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Екінші жол көлік оқиғасы да осы ауданда болған. Тағы да сол асфальт жаятын техника жұмыс жүргізіп жатқанда, оны басып озбақ болған жеңіл көлік келіп соғылған. Оның жүргізушісі мен қасындағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұл жерлерде қауіпсіздік барынша күшейтілген.