Жарияланды: 390

Қостанайда автотұрақта екі ер адам өртеніп кетті

Қостанайда автотұрақта екі ер адам өртеніп кетті

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 ақпанда Қостанайда гараж кооперативінде қайғылы оқиға орын алды.

Тілсіз жау таңғы сағат 7-де орын алған. «Бір қабатты жеке гараждан өрт шықты. Гараж алаңы 15 шаршы метр, оқиға орнынан жанып кеткен 43, 32 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылды», - деп хабарлады облыстың ТЖД Апаттық құтқару жұмыстары қызметінен. Жалын 7:31-де ауыздықталып, 9:23-те жойылды. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 7 адам, 2 бірлік техника тартылды. ІІД баспасөз қыөметінде екі ер адамның мүрдесінде күштеп өлтіру белгілері болмағанын нақтылады.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін