Қостанайда аюын кепілдікке қойып танысынан қарызға ақша алған тұрғын іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда аюын кепілдікке қойып танысынан қарызға ақша алған тұрғын іздестіріліп жатыр

Қостанайда аюын кепілдікке қойып танысынан қарызға ақша алған тұрғын іздестіріліп жатыр

Естімеген елде көп! Қостанай облысының тұрғыны аюын кепілдікке қойып, танысынан қарызға ақша алған. Содан бері екі жылға жуық уақыт өткен. Әлі күнге дейін иесі қарызын қайтармақ түгілі, 3 жастағы қонжықты іздеп те келмепті. Енді 500 мың теңге орнына қалған аю демалыс орталықтарының бірін пана етіп, жаңа иелерін қуантуда. Десе де, олар аңды хайуанаттар бағына өткізбек ниетте екен. Өйткені оны бағудың да машақаты көп.

  • 15 Шiлде 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Мына Катя есімді қонжық 3 жаста. Қазір демалыс орталығының көркін кіргізіп, келушілердің көңілін көтеріп жүр. Тәтті көрсе билей кететін аюын әлдебір азамат осыдан екі жыл бұрын 500 мың теңгеге қалдырып кетіпті, кепілдік ретінде.

Татьяна Курбанова, Демалыс орталығының қызметкері:  

— Қыстың күні ет пісіріп береміз. Шикі етпен қоректендірмеуге тырысамыз, ботқа, макарон жегенді ұнатады. Жеміс-жидек те бар мәзірінде. Демалушылар да алып келеді өздерімен қоса. 

Содан бері жыртқыш аңды іздеп келген тірі жан жоқ. Қарызын қайтармақ түгілі қонжықтың халін сұрап келмеді дейді. Бірақ баптаушылар бауыр басып қалғандарын алға тартып отыр. Десе де, сүйкімді қонжық өскен сайын машақаты да көбейген. Циркке әлде хайуанаттар бағына өткізуге құжаттары қажет. Ал аталмыш қағаздары 500 мың теңге алып ізім-ғайып жоғалған иесін де кетіпті.


Петр Васильчишен, Облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясы бастығының орынбасары:

Біз тек хат жолдай аламыз, мән-жайды тізбектеп. Қостанай облысына қарасты жануарларды ұстауға мүмкіндігі бар мекемелерді қарастырмақпыз. Ал өзімізде хайуанаттар бағы жоқ.

Тосыннан қонжыққа иелік етіп қалғандар оны кепілдікке қойып жоқ болған азаматты туыстары арқылы іздеген екен, бірақ нәтижесіз. Ресейге кетіп қалуы мүмкін деп тұспалдап отыр қазір. Енді атқамінерлердің көмегімен тиесілі орталықтардың біріне орналастырармыз дейді.