Жарияланды: 60

Қостанайда баласын өлтірген әйел сотталды

Қостанайда баласын өлтірген әйел сотталды

 

Қостанай қаласында онкологиялық диспансерде жұмыс істейтін 46 жастағы әйел, үшінші топ мүгедегі баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Бұлуралы  Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Кінәлі әйелдің қызы, яғни анасының қолынан қаза тапқан баланың әпкесі сотта анасына кешіріммен қарауды өтінді. Сот залында әйел жақындарынан кешірім сұрап, ондай жағдай қалай орын алғанын өзі де түсінбей қалғанын, бар болғаны қорғанбақ болғанын айтты.

Тергеу амалдарында оның әрекетінен өз-өзін қорғамақ болғаны анықталмаған.

Сот оны ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол қауіптілігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні ерлі-зайыптылар мен 25 жастағы ұлдары тұратын пәтерде қылмыстық жағдай болған. Әйелімен ажырасып кеткен жігіт ата-анасымен бірге тұрып, ішімдік ішу үшін анасынан ақша сұраған. Анасы баласына ақша беруден бас тартады. Ашуланған жігіт анасын жұлқылап, шкаф тұрған жаққа қарай итеріп жіберген. Ұрсысу барысында анасы дастарханда тұрған пышақты қолына алып, ұлын жарақаттаған. Алған жарақат салдарынан ұлы оқиға орнында қаза тапты.

Оқи отырыңыз:

Ғашығымның атын жамбасыма жаздырамын - Айжан Байзақова
Эфирге 1 сағат қалғанда келмей қойған Нұрболат Абдуллиннің "жұлдыз ауруына" шалдыққанын айтты
Қазақша сөйлегені үшін орыс спортшысынан таяқ жеген қазақ қызы сотта жеңіп шықты

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть