Әлеуметтік желілердің бірінде осындай бейнетаспа пайда болды. Сенбі күні өткен «көк телпектілер» мерекесінің аяғы осындай жанжалға ұласқан. Ішімдікке сылқия тойып алған десанттар орталық бақтағы субұрқаққа шомылмақ болған. Тіпті тәртіп сақшыларының ескертуіне де құлақ аспапты. Сөйтіп ырыққа көнбегендерді жөнге салу үшін қосымша күш жұмылдырылды. Десі қайтпаған десанттар полицейлерге қарсы шабуыл жасап, бірнешеуі қамауға алынды. Қазір сабасына түскен сарбаздар «Біздің мейрамымыз ғой» деп ақталып отыр. Бұл қостанайлық десанттардың бірінші төбелесі емес. Олар өткен жылы да үйлену тойы рәсімінде жүрген жас жұбайлардың шырқын бұзған болатын.