Ал кей жерлерде тек талон арқылы беріледі екен. Сондай-ақ, жүргізушілер жұрт көп қолданатын Аи 92 маркалы бензинін де таппай сенделіп жүр. Осының кесірінен жүргізушілер сағаттап кезек күтсе, шаруа қожалығының жұмысшылары да қиындық көруде. Қостанайлықтар мұны жанармай жеткізуші кәсіпкерлер әдейі істеп отыр ма деп күдіктенеді.
Сергей Купцов, көлік жүргізушісі:
-Бұл деген сұмдық қой. Дизель құю үшін сағаттап күтеміз. Мен ғана емес, барлығымыз тұрдық. Бір сағат тұрдым. Кезекте тұрғандар өте көп.