Жарияланды: 440

Қостанайда электр қуатына жаңа баға белгіленді

1-қазаннан бастап Қостанай облысы орталығының тұрғындары энергетиктер қызметінің төлеміне қымбаттатылған баға төлейді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінен хабарлады.

Ендігі жерде электр қуатының құны 5 процентке қымбаттап, 1 кВт/сағатына 5,1 теңгені құрайтын болды. "Қостанай энергожелілік компаниясы" ҚКК бас директорының орынбасары Вячеслав Жалыбиннің журналистерге хабарлауынша, бағаның қымбаттауы электр қуатымен қамтамасыз етуші бас кәсіпорынның өз өнімін босату құнын арттыруымен тікелей байланысты. Сондай-ақ, В.Жалыбиннің сөзіне сенсек, "Қостанай энергожелілік компаниясы" ҚКК шығынды кәсіпорынға саналады. 2003-жылдың алғашқы жартысында энергетиктер 100 млн. теңгенің шығынына ұшыраған. Тұрғындардың тұтынған электр қуаты үшін берешегі біршама азайып, 40 млн. теңгеге жеткен. Бірақ бұл да үлкен берешек дейді В.Жалыбин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть