Жарияланды: 60

Қостанайда екі оқушы қыз 50 жастағы әйелді өлтірді

Қостанайда екі оқушы қыз 50 жастағы әйелді өлтірді

Асқан қатыгездікпен әйелді ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан екі оқушы қыздың ісі сотта жабық режимде өтіп жатыр

 Қостанайда 14 және 17 жастағы екі оқушы қыз жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікке ілінді.

Оқушылар 50 жастағы әйелді үйдің ауласында өлімші етіп сабаған. Соққыға жығылған келіншек ауруханада көз жұмды.

Қыздардың мұндай қатыгездікке не себепті барғаны әзірге беймәлім.

Қылмыстық істі Қостанай облысының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соты қарап жатыр.

"Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр. Күдіктілерге қылмыстық кодекстің 106-бабының үшінші бөлімі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айып тағылды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабының бірінші бөліміне сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық істері бойынша сот отырысын жабық режимже өткізуге жол беріледі, деп атап өтті соттағылар.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін