Қостанайда облыстық қаржы полициясының бастығына шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда облыстық қаржы полициясының бастығына шабуыл жасалды

Қостанайда облыстық қаржы полициясының бастығына шабуыл жасалды

Қостанай. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай қаласында Қостанай облыстық экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес департаментінің бастығы Самат Әшімбаевты белгісіз адам пышақпен жарақаттады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Кешкі сағат сегіздердің шамасында Әшімбаев жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан. Үйінің маңында қызметтік көлігін қоя беріп, үй кіреберісіне барар жолда белгісіз ер адам оны пышақтап кеткен», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің өзі жүргізушісін телефонмен шақырып, сонымен ауруханаға жеткен. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалауда.

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Марат Ысқақовтың айтуынша, «аталмыш қылмысты ашу үшін арнайы жедел іздестіру тобы құрылған. Күдіктіні тұтқындауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізілуде. Іс бойынша бірнеше болжам айтылуда. Олардың бірі қызметтік іс-әрекетімен байланысты болса, енді бірі бұзақылық болып табылады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті