Жарияланды: 730

Қостанайда осы өңірдегі бірден-бір кірпіш зауыты іске қосылды

Қостанайда осы өңірдегі бірден-бір кірпіш зауытының тұсаукесері өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Ескі ғимаратты қалпына келтіру, құрал-жабдықтарды құрастыру және керамикалық кірпіш өндіретін зауытты іске қосу мақсаттарына инвесторлар 500 млн. доллар жұмсады. Зауыттың ашылуына қатысқан Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев бұл инвестицияны "уақытын тапқан әрі пайдалы инвестиция" деп атады. Оның пікірінше, Қостанай облысы мен оған көршілес аймақтарда құрылыс салу жұмыстарының ауқымы артқандықтан, салынған инвестиция бір жарым жылда өтелетіні даусыз. Зауыттың жобалық қуаты жылына 170 млн. дана кірпіш өндіруге есептелген. Әзірше, жобаға инвестиция салушы бір компания басшысы Мұхамеджан Есімовтың айтуынша, жылына 6 млн. дана кірпіш өндіруді игеру межеленіп отыр. Қазіәрдің өзінде 1 млн. дана кірпішпен қамтамасыз ету жөніндегі алғашқы тапсырыс Астанадан келіп түскен. Зауыт басшылығы келешекте кірпіш өндірудегі жаңа озық технологияларды игеруді жоспарлады. Мәселен, қаптама кірпіш өндіру жұмысын алдағы жылдың өзінде жолға қою көзделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть