Жарияланды: 320

Қостанайда өткен түні көлік өртенді

Қостанайда өткен түні көлік өртенді. Лаулап жанған темір тұлпардың жарылғанын куәгерлер ұялы телефонға түсіріп үлгерген.

- Смотрю, тут горит машина. Сейчас покажу вам. Прям жестоко горит машина.

Күзет фирмасына тиесілі «Лада Приораны» иесі сауда үйлерінің алдына қойып кетіпті. Жүргізушісі оралып, машинаны оталдырмақ болғанда салон іші көк түтінге толған. Ер адам капотын ашуға шыққан беті сол еді, жалын лап қойған. Сөйтіп, көлігінің ішінде тірідей жанып кетуден аман қалды. Артынша жарылыс болып, техника санаулы сәтте күлге айналды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін