Қостанайда қарулы көлік тонаушы жол апатына себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қарулы көлік тонаушы жол апатына себепкер болды

Қостанайда қарулы көлік тонаушы жол апатына себепкер болды

19-тамыз, сейсенбіде Қостанайда үш бірдей жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам зардап шекті. Жол апатының орын алуына автокөлік тонаған жас жігіт себепкер болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2003
  • 450
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 жастағы Қостанай тұрғыны қарумен қорқытып «Нива» автокөлігін иемденіп алған. Үлкен жылдамдықпен қаладан қашып шығуға әрекеттенген тонаушы облыс орталығындағы жол қиылыстарының бірінде екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды. Жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Көлік тонаушы жол полициясы мен дербес батальон қызметкерлерінің күшімен қолға түсті. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар