Қостанайда қатты дауылдан сауда нысандары шатырсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қатты дауылдан сауда нысандары шатырсыз қалды

Қостанайда қатты дауылдан сауда нысандары шатырсыз қалды

Кеше түнде Қостанайда қатты жел тұрып, сауда шатырларын ұшырып кеткен. Таңертең жұмысқа келген саудагерлер төбесі жоқ орындарын көріп, жағасын ұстады.

  • 5 Тамыз 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz


Желдің қатты соққаны сонша, жақында ғана ашылған мектеп жәрмеңкесінің орнында тек үйінділер қалған. Сауда орнының астаң-кестеңі шыққанын көрген сатушылар әуелгіде абдырап қалған. Олар басында мұны әлдебір бұзақылар жасады деп ойлапты. Қатты соққан желден 19 шатыр қираған. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ.