Бағдарламаның мәнісіне тоқталар болсақ, қалалық әкімшілік мемлекет атынан коммуналдық меншік нысандарын бастапқыда жалға, соңынан біржола сатып алу шартымен лизинг арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілеріне береді. Бағдарламаны жүзеге асыруда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университеті мен «Қазкоммерцбанк» ААҚ мемлекеттің серіктесі ролін атқармақ.
Облыстық экономика және сауда департаментінің мамандары шағын кәсіпкерліктің аяғынан тұру кезеңдеріне талдау жасау нәтижесінде осындай бағдарламаның идеясын ойлап тапты. Талдау барысында белгілі болғанындай, кәсіпкерлердің басым бөлігі алғашқы кезеңдерде қиындыққа тап болатын көрінеді. Айналым капиталы жоқ адамға өндірістік мекен-жай немесе кеңсе және қымбат жабдықтар сатып алу өте қиын. Департамент директоры Арсен Керімбековтың пікірінше, мұндай жағдайдан жастар, студенттер, бизнесті жаңадан бастаушылар, сайып келгенде, қоғам мен мемлекет зардап шегетіні сөзсіз.
Ауыл жастарына арналған «Жас өркен» бағдарламасын жүзеге асырудың оңды нәтижелерін ескеру негізінде қала жастарына да арналған «Өскін» бағдарламасы қабылданды.
Авторлары көбінесе Қостанай Мемлекеттік университетінің түлектері болып табылатын ең озық 9 жоба мемлекеттік қолдау мен жылдық өсімі 8 проценттік жеңілдетілген шартпен берілген несиеге ие болды.
Соның нәтижесінде Қостанай орталығында DVD-клуб, сазды-жарықты техника салоны, қытай ас мәзірлерін дайындайтын кафе, шай салоны және өзіне-өзі қызмет етуге арналған кір жуатын орындар ашылды. Жыл соңына дейін облыс орталығында тағы да ұлттық тағамдар әзірлейтін кафе, оқыту орталығы, электронды сандық кітапхана және физиоемдеу кабинеттері ашылмақ.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр