Василий енді төрт түлігін қалай тойдырарын білмей дал. Күні кеше ғана шаруа мол азық жинаймын деп бірталай техника алдырыпты. Бірақ толассыз жауын кесірінен шабындыққа әлі орақ сала алмай отыр.
Василий Алфутов, шаруақожалығының төрағасы:
-Еңбектің бәрі зая кетті. Қанша күн осыны баптап өсірдік. Жауын бәрін жалмап тастады. Енді мал аштан қырылатын болды.
Бір ғана шаруа қожалығына қыстан аман шығу үшін 500 тонна азық қажет екен. Бірақ әлі 5 келі де жем-шөп шықпайын деп тұр. Бәрі шылқыған су. Жауын астында шіріп те жатыр. Қостанай облысында қазір шенеуніктер ғана жайбарақат секілді.
Сәлімжан Есенаманов, Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
— Рас, молынан жауған жаңбыр шабындықты бүлдірді. Десе де, қажетті жем-шөппен шаруалар қамтамасыз етіледі. Әлі ораққа кеш емес. Жауыннан қорқатын ештеңе жоқ.
Ал былтыр шаруалар жауын емес, қуаңшылық зардабын тартқан еді. Ол кезде де жем-шөп тапшылығынан мұндағы шауашылықтар бар малын етке өткізген.Енді биыл да мал азығын қысқа дейін қамдап үлгермесе, шаруалардың тақырға отыратын түрі бар.