Қостанайда туристік фирма банкротқа ұшырады
![]() |
Қостанайдағы «Мандарин Вип» туристік агенттігі өз қызметін уақытша тоқтатты. Бұл туралы компания өкілдері ресми сайттарынан хабарлады, деп жазады alau.kz. |
Енді, «Мандариннің» қызметімен демалмақ болған туристер өзге фирмаларда қайта бронь жасайды.
«Сауатсыз менеджмент, қаржы есептеуіндегі қателік, осындай келеңсіздіктерге байланысты 30 саяхатшыға қызмет көрсете алмаймын. Оларға қайтаруым тиіс соманы айқтым келмейді. Алайда, барлығына кепілдік хаттарын бере аламын. 2 ай ішінде ақшаны қайтаруға сөз беремін. Жасырынып отырған жоқпын. Сайтта хабарландыру жарияладым. Кеңседе отырып, клиенттерді қабылдап, жағдайды түсіндіріп жатырмын», - деді фирма иесі Александр Ковалев.
Ковалевтың сөзіне қарағанда, жағдайды ретке келтіру үшін ол өз үйін сатуға дайын.
«Қарызымды өтеуге бұл жетеді. Болған жағдайдан кейін фирманың жұмысын жаңғыртамын деп айта алмаймын. Өйткені, репутациясы бұзылды», - деді А.Ковалев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін