Қостанайда үйде босанған әйел қайғылы жағдайға душар болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда үйде босанған әйел қайғылы жағдайға душар болды

Қостанайда үйде босанған әйел қайғылы жағдайға душар болды

Ауыл тұрғыны жүкті кезінде есепке тұрмай, үйде өзі босануға шешім қабылдаған.

  • 8 Шiлде 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысында үйде босанған әйелдің баласы шетінеп кетті.

"Алау" өңірлік порталына Sputnik сілтеме жасап хабарлағандай, 34 жастағы Таранов ауылының 34 жастағы тұрғыны жүктілік кезінде дәрігерге қаралмаған, ешқандай тексеруден өтпеген. Үй жағдайында өзі босануға шешім қабылдаған, дегенмен бала өлі туылды.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұған дейін Астананың жаңадан салынған перзентханасында бір айдың ішінде үш жас босанған ана көз жұмған болатын, олардың балалары аман, алайда ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі таңда босандыру бөлімі тексеру үшін жабылды.